“Тек капитал тарту емес“. Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың негізгі мақсатын атады

“Тек капитал тарту емес“. Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың негізгі мақсатын атады Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жетекші компаниялары басшыларымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ҚХР бизнес өкілдерімен "дөңгелек үстел" форматында өткен кездесуде Президент қытайлық серіктестерге шынайы ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Қытай Еуразиядағы жаңа технологиялық дәуірдің келбетін бірге қалыптастыра алатынына сенім білдірді.

"Қазақстан қытайлық инвесторлар үшін әрдайым қолайлы бизнес орта жасауға дайын. Біз инвестицияларды қорғауға заң жүзінде кепілдік береміз. Заманауи инфрақұрылым мен білікті кадрлар ұсынып, жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетеміз. Мақсатымыз – тек капитал тарту емес. Біз жаңа технологияларды бірлесіп әзірлеуге, ғылыми зерттеу орталықтарын құруға, жаңа өндірістік тізбек қалыптастыруға және болашақтың бағдары – білім экономикасын алға бастайтын адам капиталын дамытуға ұмтыламыз. Бүгінгі басқосуымыз жаңа бірлескен жобаларға, ауқымды инвестицияларға жол ашады деп сенемін!" – деді Қазақстан Президенті.

Жарнама
Жарнама

Ол бүгінгі кездесу жаңа бірлескен жобалар мен ауқымды инвестицияларға жол ашады деген үмітін де білдірді.

Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға барды

Айта кетейік, 15 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама