21 қыркүйек 2020 | 16:34

Текелі әкімі қоластындағы шенеунік үшін отставкаға кетті

Бахтияр Өнербаев

Алматы облысы Текелі қаласының әкімі Бахтияр Өнербаев отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Текелі қаласының әкімі Бахтияр Өнербаев отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Реклама
Реклама

"Мен, еліміздің заңға бағынатын азаматы ретінде, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет" туралы заңына сәйкес, өз еркіммен отставкаға кету туралы өтініш жаздым. Бүгін өтінішімді облыс әкімі мақұлдады.

2016 жылдың қарашасынан Текелі әкімі ретінде қызметімді атқардым. Жетісу өлкесінің әсем де жайлы қаласында жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе болды. Біз сүйікті қаламыздың гүлденуі үшін жұмыс істеуге тырыстық. Қаланың кейбір мәселесін шеше алмағаным өкінішті. Алайда сіздерді жақсы жаңалықпен қуантқым келеді: біріншісі - жақын арада суға қатысты ең үлкен мәселесі шешіледі, екіншісі - қорғасын-мырыш комбинатының өндірістік қалдықтарын қалпына келтіру мәселесі. Екі жоба да іске қосылды.

Қаланы дамытуға қосқан үлестеріңіз және маған сенгендеріңіз үшін рахмет", - деп жазды әкім.

Айта кетейік, осыған дейін Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы пара үшін сотталған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная