21 сәуір 2023 13:19

Текеліде жетінші сынып оқушыларына "жезөкшелерге көмек" буклеттері таратылған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Жетісу облысында Текелі қаласындағы мектептердің бірінде 7-сынып оқушыларына ересектерге арналған буклеттер таратылған. Оқу орнында психолог балаларға буллинг, кибербуллинг тақырыбын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысында Текелі қаласындағы мектептердің бірінде 7-сынып оқушыларына ересектерге арналған буклеттер таратылған. Оқу орнында психолог балаларға буллинг, кибербуллинг тақырыбын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Текелі қаласының №8 мектебінде болған. Ата-аналар 7-сынып оқушыларына таратылған буклеттерге шағымданған. Желіде суреттер тарап, ол халықтың наразылығын туғызған. Бұл тіпті ересектер үшін ерсі көрінген.

"Қандай клиент туралы әңгіме болып жатыр?", "Клиент, жұмыс... бұл не? Жезөкшелерге көмек пе, әлде не?" - деп ашуланған Желі қолданушылары.

Реклама
Реклама

Жетісу облысы білім басқармасы мәліметінше, 7-9 сынып оқушыларымен жұмыс жүргізіліп, "Буллинг" және "Кибербуллинг" тақырыбында бейнероликтер көрсетілген. Сабақ барысында психолог "қате" буклеттер таратқан.

"Құқықтық апта аясында Текелі қаласының №8 мектебінде 7-9 сынып оқушылары мен кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысының, қалалық аурухана психологының кездесуі өтті. Қалалық аурухананың психолог-дәрігері ЖИТС орталығы бекіткен буклеттерді таратқан кезде басқа жас топтарындағы науқастарға арналған буклеттерді қате таратқан. Осы жағдайдан кейін қалалық аурухана әкімшілігі мектеп басшылығымен бірлесіп, ата-аналармен кездесу өткізіп, кешірім сұрады", - деп түсіндірді басқарма өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2022/news_338145/thumb_m/photo_99046.jpeg"
    "title" => "Текелідегі көшкіннің алдын ала себебі айтылды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/tekeldeg-koshknnn-aldyin-ala-sebeb-aytyildyi-338145/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2022/news_338102/thumb_m/photo_98996.jpeg"
    "title" => ""Қорқамыз" - Текелі тұрғындары көшкін тағы бола ма деп қауіптеніп отыр"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/korkamyiz-tekel-turgyindaryi-koshkn-tagyi-bola-ma-dep-338102/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2022/news_338103/thumb_m/photo_98997.jpeg"
    "title" => "Текелідегі көшкін: қаза тапқан қыздың анасы оқиғаның мән-жайын айтты"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/tekeldeg-koshkn-kaza-tapkan-kyizdyin-anasyi-okiganyin-man-338103/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2021/news_327688/thumb_m/photo_87544.jpeg"
    "title" => "Текелі тұрғыны ұрланған көлікпен тағы қылмыс жасаған"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/crime/tekel-turgyinyi-urlangan-kolkpen-tagyi-kyilmyis-jasagan-327688/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2020/news_313284/thumb_m/photo_72286.png"
    "title" => "Текелі әкімі қоластындағы шенеунік үшін отставкаға кетті"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/tekel-akm-kolastyindagyi-sheneunk-ushn-otstavkaga-kett-313284/amp/"
  ]
]