17 тамыз 2021 | 09:07

Тексерушілер тойды тоқтату үшін мейрамхананың терезесінен кірген

Видео кадры

Балқаштағы мейрамханалардың бірінде жүз адамға той жасалған. Мейрамхана әкімшілігі тексерушілерге есік ашпады, олар арнайы қызмет шақырып, ғимаратқа терезе арқылы кіруге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Балқаштағы мейрамханалардың бірінде жүз адамға той жасалған. Мейрамхана әкімшілігі тексерушілерге есік ашпады, олар арнайы қызмет шақырып, ғимаратқа терезе арқылы кіруге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үйлестіру орталығына "Айлин" мейрамханасында карантин шаралары бұзылғаны туралы ақпарат түскен. Мониторинг тобы көрсетілген мекен-жайға жетіп, мейрамханада көп адам жиналғанын анықтаған. Алайда мекеме иесі тексерушілерге есік ашпады. Ішке кіру үшін олар ТЖБ қызметкерлерін шақырып, мейрамханаға терезе арқылы кірген.

"Барлық қонақ түсіндірме жазбалар жазды. Мекеменің иесі мен іс-шараның ұйымдастырушысы ғана емес, қонақтар да жауапқа тартылуы мүмкін. Материалдар Балқаш қаласының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мекемесіне жіберілді", - деді Балқаш қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Ведомство кейінгі уақытта Балқашта коронавирус жұқтырғандар саны артып келе жатқанын хабарлады. Күн сайын жүздеген адамнан коронавирус анықталады. Өткен айда қаланың 13 тұрғыны коронавирустан қайтыс болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная