ПОДЕЛИТЬСЯ
18 маусым 2024 | 14:56
Tele2/Altel сатылымы: министр мәміле сомасын айтты
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қатар компаниясы Tele2/Altel байланыс операторын 1,1 миллиард долларға сатып алатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қатар компаниясы Tele2/Altel байланыс операторын 1,1 миллиард долларға сатып алатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Үкімет отырысынан соң журналист ведомство басшысына "Қатарлық холдинг "МТС" (Мобайл Телеком-Сервис (Tele2/Altel) компаниясы қаншаға сатылады? Келісімшарт сомасын атасаңыз? Олар интернет желісін дамыту үшін не істеп, нені салуы керек? Мұны қалай бақылайсыздар?" деп сұрақ қойды.
Министр байланыс операторын шетелдік инвесторға қомақты қаржыға сатылып жатқанын атап өтті.
"Менің ойымша, жаңа қатарлық инвестордың келуі - өте маңызды бастама. Ол жаңа инвестиция тартуға мүмкіндік беріп, инвесторлық базаны кеңейтіп, нарықтағы бәсекелестікті арттырады. Жаңа мобильді оператор пайда болады. Мәміленің сомасы – 1,1 миллиард доллар. Негізгі инфрақұрылымға инвестиция тарту жоспарда бар. Мобильді оператордың міндетіне 5G базалық станцияларын салу кіреді. Бұл бәсекелестікті күшейтіп, (интернет) сапасын арттырады", - деді министр.
Айта кетейік, 2024 жылғы 14 ақпанда қатарлық Power International Holding холдингі "Мобайл Телеком-Сервис" компаниясын (Tele2/Altel байланыс операторының иесі) сатып алуды жоспарлап отырғаны белгілі болған. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының баспасөз қызметі хабарлады.
Еске салайық, "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-ға "Қазақтелеком" АҚ иелік етеді. Сондай-ақ "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры "Қазақтелеком" АҚ-ның мажоритарлық акционері болып саналады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также