Tele2 мен Altel-ді не күтіп тұр? Құжат пайда болды

Фото:depositphotos.com

Tele2 мен ALTEL-ге иелік ететін компания жеке инвесторға сатылмақ. Ұлттық экономика министрлігі "2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" үкімет қаулысына түзетулер жобасын дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық басқарушы холдингтер мен ұлттық компаниялардың ірі еншілес және тәуелді ұйымдарының тізбесі бірінші кезекте бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын жаңа тармақпен толықтырылған - "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС.

"Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС – Tele2 және ALTEL ұялы байланыс операторларының біріккен компаниясы.

Реклама
Реклама

Үкімет қаулысының жобасын қоғамдық талқылау 2024 жылдың 14 ақпанына дейін жалғасады.

"Мобайл Телеком-Сервис" "Қазақтелекомға" тиесілі. 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, "Қазақтелеком" акцияларының 80 пайыздан астамы "Самұрық-Қазына" мемлекеттік ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі.

2018 жылы "Қазақтелеком" Kcell акцияларының 75 пайызын сатып алды, ол сол кезде Telia Company және Fintur Holdings B.V.-ге тиесілі болған. Компания қазір Kcell акцияларының 51 пайызына ие.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама