Телефондардың тіркеуі абоненттердің қатысуынсыз жүзеге асырылады - ҚР АКМ

© Тұрар Қазанғапов

А?парат ж?не коммуникация министрлігіндегілер телефондарды міндетті т?рде тіркеу туралы норма?а ?атысты т?сінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпарат және коммуникация министрлігіндегілер телефондарды міндетті түрде тіркеу туралы нормаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Телефондарды тіркеу процесін жеңілдету мақсатында тіркеуді абонентсіз-ақ жүргізу мәселесі жоспарланып отыр. Сондай-ақ, IMEI-кодтардың бірыңғай базасын құруға мемлекеттік бюджеттен қаражат қажет болмайды", - деді ведомство өкілдері Tengrinews.kz тілшісінің сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, министрліктегілер IMEI-кодтарды тіркеу ережелерін дайындау үшін арнайы жұмыс тобының құрылғанын айтып өтті.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта абоненттерді тіркеуге қатысты ережелерді дайындау үшін жұмыс тобы құрылды. Онда IMEI-кодтарды тіркеу процесі қалай жүргізілетіні көрінеді. Жұмыс тобында Ақпарат және коммуникация министрлігіндегілер, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, сондай-ақ, "Мемлекеттік техникалық қызмет" өкілдері мен ұялы байланыс операторлары бар", - деді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігіндегілер бұл шараның елімізге әкелінетін контрафактілік құрылғылардың санын азайтып, ұялы телефондарды ұрлау деректерімен тиімді күресуге әсер ететінін айтты.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда IMEI-кодтардың бірыңғай базасында тіркелмеген телефондар бұғатталатыны хабарланған болатын. Заңға сәйкес, енді ұялы байланыс опеарторлары уақытында тіркелмеген абоненттерді бұғаттайды. Айта кетейік, бұл заң 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама