15 қараша 2022 15:46

Телефонды тыңдаудан қорғайтын құрылғы: Қарағандыда инспекция басшысы жұмыстан шеттетілді

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Қарағанды ​​облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшысы Болат Нұрбаев қызметтік тексеріске байланысты жұмыстан шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшысы Болат Нұрбаев қызметтік тексеріске байланысты жұмыстан шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресми мәлімет бойынша, әлеуметтік желіде пайда болған резонанс тудырған видеодан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қызметтік тексеруді бастаған.

Қазанның аяғында Instagram-дағы Ugolnaya_stolica-парақшасында қолданушы жолдаған видео жарияланды. Видео Қарағанды ​​облысы бойынша көлік инспекциясының жаңадан тағайындалған басшысы Болат Нұрабаевтың кабинетінде түсірілгені айтылған. Кадрларда облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы мен оның әріптестері түсірілген.

Реклама
Реклама

"Не болып жатқанын түсіндірейін. Біз, тексеру жұмыстарымен айналысатын инспекторлар тобы, сізге сенімсіздік білдіреміз. Біз бойкот жариялаймыз. Себебі: камераны неге бұрғаныңызды (бақылау камерасы - еск.) түсінбейміз. Сізге екінші сұрағымыз: бұл кеңседе ұялы байланысты, Интернетті болдырмайтын арнайы техникалық құралдар бар ма?", - делінген видеода.

Сондай-ақ, Болат Нұрабаевтың әріптестері инспекция бастығы жұмыс уақытында кабинетінде кино көріп, темекі шегетінін айтады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне Желіде пайда болған видеодан кейін министрлік қызметтік тексеріс жариялағанын хабарлады. Тексеріс нәтижелері кейінірек жарияланады.

Жазбада телефонды тыңдаудан қорғайтын құрылғының фотосы ұсынылған. Құрылғы көліктік бақылау инспекциясы бастығының кабинетінде орнатылғаны айтылды.

Фото Instagram/ugolnaya_stolica

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram