03 қазан 2024 | 16:00

Telegram-арна қазақстандықтарды өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген

Midjourney

Алматы прокуратурасы суицидтік мазмұндағы Telegram-арнаны анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы прокуратурасы суицидтік мазмұндағы Telegram-арнаны анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас Прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында Алматы прокурорлары күйзеліске бейім контенті бар Telegram-арнасын бұғаттау шараларын қабылдады.

"Тексеру барысында 67 оқырман админнен суицидке бағытталған рөлдік командалар алғаны анықталды. 2024 жылы 23 қыркүйекте сот, Алмалы ауданы прокурорының деструктивті чатқа тыйым салу туралы талабын қанағаттандырды. Сот шешімі дереу Мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жолданды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Алматы прокуратурасы ата-аналарға интернетті қолдануда жауаптылықпен қараудың маңыздылығын еске салады, күдікті контент анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная