ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қараша 2020 | 12:46
Телевизияның эволюциясы: "аналогтан цифрға"
Бүгінде адамдар телевизия саласындағы тарихи өзгерістердің тек куәгері болып қоймай, барынша осы үрдіске қатысушы болып отыр. Аналогтық хабар тарату дәуірі өткенге өтіп, оның орнына цифрлықжүйе келуде. Біздің телевизияның эволюциясы осы заманның міндеттіпроцесі болды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгінде адамдар телевизия саласындағы тарихи өзгерістердің тек куәгері болып қоймай, барынша осы үрдіске қатысушы болып отыр. Аналогтық хабар тарату дәуірі өткенге өтіп, оның орнына цифрлықжүйе келуде. Біздің телевизияның эволюциясы осы заманның міндеттіпроцесі болды.
Сонда "аналогты" "цифрға" ауыстырудың себебі неде?Қазақстандықтардың басым көпшілігі осыған дейін теледидарды аналогтық желіде қарап келді, кейбірі әлі күнге дейін осы жүйеде қалып отыр.
Бұл желінің бейне мен дыбыс сапасына кері әсер ететін кедергілерге тәуелді екенін айта кеткен жөн.Жел, жаңбыр, найзағай сияқты нашар ауа-райы кезінде сигнал нашарлап, көрермен бұрмаланған кескін, түрлі қыжыр араласқан дыбыс тыңдайды. Телестанцияның алшақтығы да хабар таратудың сапасына әсер етеді. Сигнал көзі мен оны қабылдау пунктінің арасындағы қашықтық алыстаған сайын оның сапасы төмендейді.
Тұтынылатын қуат мөлшері он рет аз болғанымен, цифрлық ТВ-ның арналарыныңаналогтық желіге қарағанда өткізу қабілеті анағұрлым кең. Аналогтық желіде бір жиілікке тек бір телеарна сигналы сыйса, цифрлық форматта бір жиілікте стандартты цифрлықформаттағы15 телеарна хабар таратады.
Цифрлық телевизия бейне мен дыбыстың жоғарғы сапасын жәнешалғайдағы елдімекендерде жақсы қабылдаудықамтамасыз етеді. Сонымен қатар, облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда 30 отандық телеарна, ал ауылдық жерлерде 15 шақты телеарнаны көру мүмкіндігін береді.
Сапалы ТВ көру үшін теледидарды ауыстырудың және ай сайын абоненттік төлемнің қажеті жоқ. Тек қана цифрлық қабылдағыш алу керек. Сонымен қатар, мамандардың айтуы бойынша, заманауи теледидарлар цифрлықDVB-T2 стандартындағысигналды кедергісіз қабылдайды, тек қарапайым дециметрлік антенна жетіп жатыр.
Бұл жағдайда қабылдағыш керек емес. Антеннаны қосу жеткілікті, сонда еркін қолжетімдіктегі арналар қосылады.
Цифрлық хабар тарату – бұл қазақстандықтарды ақпараттық ағынмен қамтамасыз ететін жаңа сапалы айналым. Оны енгізу елде 2012 жылдан басталған, алғаш рет жүйе бес қалада пайда болды: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Жезқазған және Жаңаөзен қалаларында. Бүгінде халықтың 89,49 пайызын қамтитын 518 радио телевизиялық станциясыы қолданысқа берілген.
Нақтырақ айтатын болсақ, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қостанай және Паводар облыстары мен Шымкент қаласы толықтай цифрлық эфирлік хабар таратуға толықтай көшті. Алдағы жылыСолтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласындааналогтықжелі өшіріліп, ЦЭТВ-ге толық көшеді. Жобаның аяқталуы 2022 жылға жоспарлануда.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жарнамалық материал
Показать комментарии
Читайте также