Теміртау әкімі жөнделген жолдағы асфальттың бір бөлігін "жұлып алды"

© Теміртау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Теміртау ?кімі ?алым ?шімов ?аланы? шы?ыс б?лігінде ж?ргізіліп жат?ан ж?ндеу ж?мыстарын "шала орындал?ан" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?кімні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Теміртау әкімі Ғалым Әшімов қаланың шығыс бөлігінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын "шала орындалған" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 25 мамырда қала әкімі қаланың шығыс бөлігінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын көріп қайтты. Теміртау әкімі асфальттың қалай төселіп жатқанын өз көзімен көріп, көңілі толмайтынын айтты.

Әкімнің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол мердігерлерден қайтадан жөндеу жұмыстарын жүргізуді талап етті.

Реклама
Реклама

"Бұл компания өкілдері атқарған жұмыстары бойынша үнемі ескерту естіп жүреді. Әкім оларды өзі тексереді. Бірақ бүгін Ғалым Әшімов қатты ашуланды. Ол жөндеу жұмыстарының шала жүргізіліп жатқанына ашуланды. Жұмысты толықтай қайтадан орындап шығуды талап етті", -  деп хабарлады Теміртау әкімінің баспасөз қызметіндегілер.


© Теміртау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама