Теміртауда қыз бала жүріп келе жатқан көліктің төбесіне шығып алған

Теміртауда ?ыз баланы к?лікті? т?бесіне шы?арып келе жат?ан ж?ргізушіге айыпп?л салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?ара?анды облысты? ІІД Жергілікті полиция ?ызметіне сілтеме жасап.

Теміртауда қыз баланы көліктің төбесіне шығарып келе жатқан жүргізушіге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.

Жақында әлеуметтік желілерде көліктің төбесіне шығып алған қыздың видеосы таралған болатын.

Реклама
Реклама

Теміртау қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері "Hyundai" жүргізушісінің кім екенін анықтады. Жүргізуші әйел ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 2-бабы бойынша: 593-бабының 1-бөлігі ("Маршруттық көлiк құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушыларды және жүктердiтасымалдау қағидаларын сақтамау және жол жүрiсiнiң қағидаларын басқа да өрескел бұзуы") - айыппұл (5 айлық есептік көрсеткіш - 11 345 теңге); 595-бабының 1-бөлігі ("Маневр жасау қағидаларын бұзу") - айыппұл (5 айлық есептік көрсеткіш - 11 345 теңге). Айыппұлдың жалпы сомасы 22 мың теңгеден асты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама