Теміртаудағы қара қар: Экология министрі өнеркəсіп орындарын тексеруді тапсырды

Теміртаудағы қара қар: Экология министрі өнеркəсіп орындарын тексеруді тапсырды Фото: Instagram/temirtau.city

Теміртаудағы өнеркәсіп орындары "қара қар" туралы хабарламаны тексереді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Теміртау тұрғындары тағы да қалаға таралған ыс жөнінде шағымданып жатыр. Экология департаменті табиғатты пайдаланушыларды, сондай-ақ, өнеркəсіп орындарының қолайсыз ауа райы кезіндегі қоршаған ортаға зардабын азайту шараларын орындауын тексермек", - деп жазды Мырзағалиев Twitter-парақшасында.

Оның айтуынша, тексеріс қорытындысы жұртшылыққа хабарланады. 

Жарнама
Жарнама

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Теміртау тұрғындары әлеуметтік желілерде қарайған қардың суреті мен видеосын жариялаған болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама