Теміржолда мұнай өртіне жол берген жүргізушінің соты басталды

Теміржолда мұнай өртіне жол берген жүргізушінің соты басталды Оқиға орнынан. Сурет ©tengrinewstv

Маңғыстау облысында пойызбен соқтығысқан жанармай тасымалдаушы көлік жүргізушісіне қатысты сот отырысы басталды, бұл туралы Tengrinews.kz облыстық соттың баспасөз хатшысы Алмаз Қуанбайға сілтеме жасап деп хабарлайды.Сот тыңдауы Мұнайлы аудандық сотында басталды. Бензовоз жүргізушісі "Көлік басқаратын адамның жол қозғалысы мен көлік құралын пайдалану ережесін абайсызда адам өліміне соқтыра отырып бұзуы" бабы бойынша айыпталып отыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, сонымен бірге, көлік жүргізу құқығынан үш жылға айырылады. Айыпталушы денсаулығына байланысты сотқа келе алмады, сол себепті отырыс 26 ақпанға ауыстырылды.Бұл іс бойынша 20 куәгер өтеді. Оқиғаның өзі 2013 жылдың 16 қарашасында болған еді. Ақтау маңында бензовоз мұнай өнімдері тиелген цистерналары бар жүк пойызына соқтығысып, оның арты алапат өртке ұласқан еді. Пойыз машинисі ауруханаға түсіп, оның көмекшісі оқиға орнында қайтыс болды.
Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама