19 ақпан 2019 | 09:30

Темір балқыту цехін ашқан кәсіпкер Қызылорда облысының билігіне шағымданды

Камила Долаева Журналист
© 24.kz

Қармақшы аудандық индустриалды аймағына темір балқыту цехын салған кәсіпкер электр энергиясы жеткізілмегендіктен, 2 жылдан бері өнім шығаруды бастай алмай жүргенін айтып арна редакциясына хабарласқан еді, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қармақшы аудандық индустриалды аймағына темір балқыту цехын салған кәсіпкер электр энергиясы жеткізілмегендіктен, 2 жылдан бері өнім шығаруды бастай алмай жүргенін айтып арна редакциясына хабарласқан еді, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі.

"Кәсіпкерлікті қолдау жылы деп жарияланса да, өңірдегі өндіріс ошақтары жергілікті билік тарапынан демеу сезінбей отыр", - дейді сырбойылық кәсіпкер Қайрат Бердібаев.

Реклама
Реклама

Электр тоғы болғанда қазір мұнда тіршілік қайнап жатуы тиіс еді деп бастады әңгімесін қармақшылық кәсіпкер. 121 миллион теңгеге инфрақұрылымы толық жеткізілді делінген индустриалды аймаққа 4 жыл бұрын қазық қаққан Қайрат Бердібаев өндірістік нысан әлі қаңырап тұрғанын қынжылыспен жеткізді. Темір балқытып, шеге, бұранда, арматура шығаратын қондырғылары да 2 жылдан бері қаңтарулы тұр. Электр қуатының тартылмауынан өндіріс тұралап, шығынға батқанын айтады.

"Қоршауының өзіне 20-30 миллион теңге, қондырғыларға 50 миллион теңге жұмсадым. Қарауылдың өзіне 3 жылда 3 жарым миллион теңге құрттам. Кеше маған 13 миллион керек тоғыңды ала аласың деп сметасын беріп отыр. Оған төлейтін ондай қаражат жоқ", - деді Қайрат Бердібаев.

Аумағы 15 гектарды құрайтын өндірістік аймаққа жол, су, жарық жеткізілген. "Бірақ темір өнімдерін шығару цехының иесі электр тоғына деген қажеттілікті жыл сайын арттырып отыр", - дейді энергетиктер.

"2017 жылы бұл кісі қоршау жұмыстары және ғимарат жөндеуге 30 киловатт тех шартына сәйкес біз түсіріп бердік. 2018 жылдың жазында 150 киловатт сұраған, оған да бергенбіз техшарт. Қазір 500 киловатт сұрап отыр. Бұған сапасыз электр энергиясын беруге болмайды. Электр қондырғылары шыдамайтын болғандықтан, қосалқы станция қоюға бергенбіз", - дейді Қармақшы аудандық электр тарату торабы директорының орынбасары Мейрамбек Дәрменов.

"500 киловатт бөлек электр желісін жүргізу үшін кем дегенде 1 шақырым 10 киловатт электр желісін өткіземіз. Өз алдына бөлек 630 киловатт трансформатор қойып беруіміз керек. Оған құрығанда бюджеттен 18-20 миллион теңге көлемінде қаражат шығады. Біз одан қашып тұрғанымыз жоқ, істеп береміз. Бірақ қандай өнім дайындайсыз, неше жұмыс орнын қамтамасыз етесіз, алатын шикізат көзі дайындап жатқан жобасы дәлелді болуы керек", - деді Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев.

Нысанның өндірістік қуаты жоғарылағандықтан ол шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі саналмайды. "Сондықтан бизнес жоба қайта жасалуы тиіс", - дейді сала мамандары. Арызданушының өтініші, энергетикалық сұранысы мен техникалық мүмкіндіктер аудандық әкімдік пен кәсіпкерлер палатасында жан-жақты сараланды.

"Бизнес жоспарын дайындауға әзірміз. Сонымен қатар бизнес жобасын сүймелдеп, содан кейін өндірілген өнімді өткізуге дейін көмектесуге әзірміз", - деді облыстық кәсіпкерлер палатасы қармақшы аудандық филиал директоры Арман Ермекбаев.

Осылайша кәсіпкерлік кедергісі жойылды. Жақын күндері бизнес жобасы даяр болса, тоқ тартылады. Жарық келсе, шаң басқан қондырғылар қозғалып, өндіріс жанданып сала бермек. Өз тарапымыздан нысанның іске қосылуын біздің арнадан тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отырмыз.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная