ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қаңтар 2022 | 12:00
Теміржол тасымалы штаттық режимде жұмыс істейді - ҚТЖ
Қазақстанда жүк теміржол қозғалысы жоспарлы, штаттық режимде жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда жүк теміржол қозғалысы жоспарлы, штаттық режимде жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Теміржолшылар жолаушылар мен жүк пойыздарының тұрақты тасымалын қамтамасыз етеді. "ҚТЖ "ҰК" АҚ желісінде барлық пойыз жүріп жатыр. Жүк құрамдары, соның ішінде транзиттік құрамдар кестеге сәйкес, жолаушылар пойыздары да кесте бойынша жүреді", - деп хабарлады баспасөз қызметі өкілі.
Инфрақұрылымның аса маңызды нысандары қорғалатыны айтылды. Теміржолшылар пойыздардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, "ҚТЖ "ҰК" АҚ қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында зардап шеккендер үшін ерікті түрде қан тапсыруды жалғастырып жатыр.
Алғашқы донорлар атыраулық теміржолшылар болды. Игі бастаманы басқа аймақтардағы компания қызметкерлері жалғастырды. Үш күн ішінде қан құю бекеттеріне 200-ден аса теміржолшы келген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также