05 тамыз 2022 | 13:00

Теміржолшылардың жұмысшы мамандықтарының жалақысы бір жарым жылда үш есе өсті

"ҚТЖ" ҰК" АҚ, қызметкерлерінің саны 113 мың адамнан асатын Қазақстанның ірі ұлттық компаниясы бола отырып, қызметкерлердің әл-ауқаты мен табысын арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"ҚТЖ" ҰК" АҚ, қызметкерлерінің саны 113 мың адамнан асатын Қазақстанның ірі ұлттық компаниясы бола отырып, қызметкерлердің әл-ауқаты мен табысын арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келеді.

Қаржылық мүмкіндіктерді ескере отырып, жалақы деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылдануда.

2021 жылы Компания қызметкерлердің жалақысын екі рет (1 қаңтарда және 1 шілдеде) 10 пайыздан арттырды. Бұл мақсаттарға 63 миллирад теңгеден астам қаражат бағытталды.

Реклама
Реклама

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап разрядтар тобына байланысты еңбекақыны дифференциалды түрде ұлғайту жүргізілді. Еңбекақыны арттыру кезінде басымдық өндірістік персоналға жасалды – бұл шамамен 100 мың адам. Жұмысшы мамандықтарының еңбекақысы 25-тен 41 пайызға дейін өсті. Бұл бағытқа 70 миллирад теңге бөлінді.

Осылайша, 1,5 жыл ішінде негізгі өндірістік персонал қызметкерлерінің жалақысы айтарлықтай өсті. 2013 жылдан бері мұндай өсім болған жоқ.

Компания еңбекті қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің әлеуметтік әл-ауқатын одан әрі арттыру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ ұсынған материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная