ПОДЕЛИТЬСЯ
28 шілде 2021 | 16:14
Теміртауда ер адам мен 10 жастағы ұлы жол апатынан қаза тапты
Теміртауда 36 жастағы ер адам мен оның 10 жастағы ұлы жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Теміртауда 36 жастағы ер адам мен оның 10 жастағы ұлы жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол апаты Теміртау қаласына жетпей, Нұрқазған кенішінің маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 36 жастағы ер адам мен 10 жастағы ұлы екі көлік соқтығысып, қаза тапқан.
"28 шілдеде сағат 09.00-де 40 жастағы жүргізуші алдын ала мәлімет бойынша, Ақтау ауылынан Теміртау қаласына келе жатқан кезде Нұрқазған кенішіне бұрылған бетте НОWO автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан Lada Granta көлігі кюветке қарай шығып кеткен. Lada Granta-ның 36 және 10 жастағы жолаушылары оқиға орнында қаза тапты", - деді Қарағанды облысының ПД өкілдері.
Lada Granta көлігі ауруханаға жеткізілген.
"Бұл дерек бойынша сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессулдық шешім шығады", - деді ведомство өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также