ПОДЕЛИТЬСЯ
15 ақпан 2024 | 09:29
Теміртауда газ жарылып, дүкен қирады: үйінді астында адам қалған
Теміртауда дүкенде газ жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Теміртауда дүкенде газ жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 ақпанда сағат 08.06-да Теміртау қаласы Ватутин көшесіндегі 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Дүкеннің 2 қабатты ғимараты қирап, жанғаны анықталды.
"Тексеру және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері алдын ала анықталды. Үйінділерді тазалауға кірісті. Жұмыстарға ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 техника жұмылдырылды. 23 адам, оның ішінде 5 техника оқиға орнына бара жатыр", - делінген хабарламада.
Сағат 08.44-тегі жағдай бойынша үйінді астынан әйел адам шығарылған, оның айтуы бойынша, үйінді астында ер адам бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также