16 тамыз 2022 | 14:59

Теміртауда газ жарылып, көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Теміртауда газ жарылып, бес қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылды. Оқиға салдарынан төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Теміртауда газ жарылып, бес қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылды. Оқиға салдарынан төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Металлургтер даңғылы, 5/2 мекенжайындағы бес қабатты тұрғын үйде жарылыс болды. Оқиға туралы Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сағат 12:08-де хабарланды. Оқиға салдарынан төрт адам зардап шекті, үш пәтерге зақым келген. Қазір оқиға орнында үйінділер тазартылып жатыр.

Реклама
Реклама

"53 адам эвакуацияланды, оның ішінде жетеуі бала. 1989 жылы туған пәтер иесі жарақат алып, Теміртау қалалық ауруханасына жатқызылды. Қазір Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 22 қызметкері мен жеті техникасы жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная