ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 19 қыркүйек 2023 11:53
Теміртаудағы ЖЭО-ны жөндеу жұмыстары қанша уақытқа созылады?
Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Теміртаудағы жылу электр орталығын жөндеу жұмыстары қанша уақытқа созылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет отырысында Нұрмағанбетов "Арселор Миттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2 дайындығы ерекше бақылауда екенін айтты.
"Министр өткен аптада жөндеу жұмыстарымен танысып, жөндеу кестесіне тиісті өзгерістер енгізді. Мұндағы №4 қазандықты жөндеуді аяқтау мерзімі қазан айының соңына дейін ұзартылады. Жаңа №7 қазандықтың құрылысы келер жазға дейін созылады. ЖЭО-2 министрліктің ерекше назарында болады", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу