Теміртаудың әкімі автобусқа мініп, жүргізушілердің боғауыз сөзін санаған

Теміртаудың әкімі автобусқа мініп, жүргізушілердің боғауыз сөзін санаған © newsfactory.kz

Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов қала жолдарының сапасын тексерудің ерекше әдісін ойлап тауыпты. Ол автобус жүргізушілерінің боғауыз сөздерін санап, трассаның сапасы жайлы түсініпті, - деп хабарлайды КТК.

Әкімнің айтуынша, ол халықтың алдында есеп берген әкім жолдардың жағдайын білу үшін әдейі автобусқа мініп, жүргізушісінің аузын аңдыған көрінеді. "Бір аялдамадан екіншісіне дейін жүргізуші 15 рет боқтады. Оның артына отырып әдейі құлақ түрген едім. Содан жолдың нашар екеніне көзім анық жетті. Кейін сол көшелерді жөндеттік", - дейді әкім.

Сонымен қатар, телеарна тілшілерінің мәліметінше, болашақта да әкім осы жолмен жолды жөндеу жұмыстарын қай жерде жүргізуі керек екенін біліп отырмақ екен. (Дереккөз КТК)

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама