15 қараша 2020 10:28

Теңге есімі қанша қазақстандыққа берілген?

Фото Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS

Қазақстандықтар 15 қарашада Ұлттық валюта күнін атап өтіп жатыр. Бірақ кейбірі үшін "теңге" сөзі есімді де білдіреді. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанда "Теңге" есімімен қанша адам тұратынын білді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар 15 қарашада Ұлттық валюта күнін атап өтіп жатыр. Бірақ кейбірі үшін "теңге" сөзі есімді де білдіреді. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанда "Теңге" есімімен қанша адам тұратынын білді.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің сайтындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда Тенге және Теңге есімді, сәйкесінше, 81 және 11 бар. Атаудың тағы бір қызық нұсқасы бар - Актенге (99 адам) және Ақтеңге (57).

Реклама
Реклама

Ақтеңге Қаналиева бұл есімнің нені білдіретінін айтып берді. 

"Мені атам осылай атаған. Мен дүниеге келген жылы біздің валюта пайда болды. Маған атым ұнайды. Оның мағынасы туралы ешқашан ойланған емеспін. Жарқын және мейірімді қыз болсын деп Ақ деген сөзді қосқан шығар", - деді ол.

Ақтеңгемен бір сыныпта Теңге деген қыз оқыған екен. Екеуі де Маңғыстау өңірінен шыққан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram