Теңге ілуден Федерация кубогы бәсекесі өтіп жатыр

Фото: Шымкент ІСБ баспасөз қызметі

Шымкент қаласындағы жаңа атшабарда теңге ілуден Федерация Кубогы бәсекесі өтіп жатыр. ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Шымкент қаласының әкімдігі бірлесе ұйымдастырған жарыстың маңызы өте зор.

Шымкент қаласындағы жаңа атшабарда теңге ілуден Федерация Кубогы бәсекесі өтіп жатыр. ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Шымкент қаласының әкімдігі бірлесе ұйымдастырған жарыстың маңызы өте зор.

12-13 қараша аралығына жоспарланған сайысқа 18-ге толған және одан жоғары жас аралығындағы еліміздің барлық өңірінен үздік спортшылар қатысады.

Реклама
Реклама

Федерация кубогы жарысы елімізде алғаш рет өткізілді. Республикалық Теңге ілу Федерациясының атқарушы директоры Айбек Түркебайдың айтуынша, ұлттық спортты дамыту мақсатында ендігі ретте жыл сайын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл жарыс спортшыларға өздерінің мықтылығын дәлелдеуге зор мүмкіндік. Жарыстың тұрақты түрде өтуі теңге ілу спортының дамуына оң септігін тигізеді.

12 қараша күні "Жеті құт", "Бес белес" стильдері бойынша үздіктер анықталады. Ертең "Қос құлаш" стилінің жеңімпазы және 3 стиль бойынша үздіктер жарысып, Үздік теңге ілуші атағы сарапқа салынады.
Шаһарда жаңадан ашылған ипподром ұлттық спорт сайыстарының ордасына айналып келеді. Қала тұрғындары бұған дейін теңге ілуден тұңғыш әлем чемпионаты, Азия кубогы сынды жарыстарды тамашалады. Халықаралық жарыстардың тұрақты түрде өтуі теңге ілу спортының халықаралық дәрежеде үлес қосады.

Tengrinews
Шымкент ІСБ ұсынған материал
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама