24 ақпан 2022 | 15:39

Теңгелік депозиті бар қазақстандықтарға сыйлықақы төленеді - Үкімет

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банк теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасы жөнінде бірлескен мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банк теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасы жөнінде бірлескен мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаржы нарықтарындағы геосаяси тәуекелдер мен құбылмалылыққа байланысты қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету және теңгедегі депозиттердің тартымдылығын қолдау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ҚР Үкіметімен бірлесіп бюджет қаражатының есебінен жеке тұлғалар депозиті бойынша өтемақы (сыйлықақы) есептеуді көздейтін теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасын іске асырады", - делінген хабарламада.

Бағдарламаға 2022 жылғы 23 ақпандағы жағдай бойынша салымдарға кепілдік беру жүйесіне қатысушы – бір немесе бірнеше екінші деңгейдегі банкте және "Отбасы банк" акционерлік қоғамында ашылған жеке тұлғалардың теңгедегі салымдары қатысады.

Реклама
Реклама

"Бағдарлама ағымдағы және карточкалық шоттарға, сондай-ақ талап етілгенге дейінгі депозиттерге және шартты депозиттерге қолданылмайды. 10 пайыз мөлшеріндегі өтемақы (сыйлықақы) әрбір банкте 1 адамға 2022 жылғы 23 ақпандағы қалдықтар шегіндегі жалпы сомада, бірақ бағдарламаны іске асыру басталған кезден бастап 12 айдан кейін 20 миллион теңгеден аспайтын сомадағы (салымның нақты сомасы 20 миллион теңгеден аспайтын болса, сол сомадан астам емес) көрсетілген салымдарға 1 рет есептеледі", - делінген ҰБ хабарламасында.

Өтемақыға (сыйлықақыға) жеке табыс салығы салынбайды.

"Екінші деңгейдегі банктегі салым мерзімінің соңына дейін, бірақ тетік енгізілген сәттен бастап кемінде 12 ай, яғни 2023 жылғы 24 ақпанға дейін салымды сақтау сыйлықақыны есептеу үшін міндетті талап болады. Егер салым мерзімі өтемақы (сыйлықақы) төленгенге дейінгі кезеңде аяқталса, депозит бағдарламаның аяқталу мерзіміне дейін ұзартылуы тиіс. Салымды ішінара алу кезінде өтемақыны (сыйлықақыны) төлеу жоғарыда көрсетілген лимиттерді ескере отырып, ақша алынғаннан кейін салым қалдығының сомасына жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Жуырда Үкімет пен Ұлттық банктің тиісті актілері қабылданады. Бағдарламаға қатысу үшін салымшылар салым орналасқан екінші деңгейдегі банкке барып өтініш беруі қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная