13 қараша 2020 13:09

Tengri Bank қанша салымшысына ақша қайтарғаны белгілі болды

Tengri Bank қанша салымшысына ақша қайтарғаны белгілі болды. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengri Bank қанша салымшысына ақша қайтарғаны белгілі болды. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Салымшылар дегенде - жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкер айтылады.

Реклама
Реклама

"2020 жылдың 10 қарашасындағы жағдай бойынша, 5 171 салымшыға төленетін сома шамамен 15,6 миллиард теңге немесе Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры міндеттемелерінің жалпы сомасының 88 пайызы болды. Салымшылар дегеде - жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді айтамыз", - деп жауап берді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) баспасөз қызметі өкілдері. 

Кепілдік (ҚДКБҚ) заңды тұлғалардың қаражатына берілмейді.

Агент банк - "Еуразиялық банк".

Еске салайық, мұның алдында Tengri Bank-тің бұрынғы менеджерлері ұсталғаны хабарланған болатын.

Tengri Bank-тің экс-менеджерлері 5,4 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді.

Ал қыркүйекте Tengri Bank лицензиясынан айырылған еді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Tengri Bank-тің қаржы жағдайы нашарлағанын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram