Tengri Bank-тің экс-менеджерлері 5,4 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Tengri Bank-тің экс-менеджерлері 5,4 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengri Bank-тің экс-менеджерлері 5,4 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Қаржы комитеті Экономикалық тергеу қызметінің басшылығымен Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") Tengri Bank АҚ экс-менеджерлеріне қатысты банктің 5,4 миллиард теңгеден асатын қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"9 қарашада Алматы қаласының тергеу соты Б.А.Ілиясовқа, А.У. Жадықовқа, Н. М. Жылқыбаеваға қатысты 2 айға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтарпау шарасын таңдады.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Еске салайық, мұның алдында Tengri Bank-тің бұрынғы менеджерлері ұсталғаны хабарланған болатын.

Ал қыркүйекте Tengri Bank лицензиясынан айырылған болатын. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Tengri Bank-тің қаржы жағдайы нашарлағанын айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама