Tengrinews.kz сайтында "Пресс-релизы" айдары пайда болды

©Lovim.net

Tengrinews.kz ақпарат сайтында "Пресс-релизы" айдары пайда болды. Бұл айдарда Алматы мен Астанада алда болатын шаралардың анонсы жинақталған.

Жаңа бөлім тақырып іздейтін БАҚ өкілдеріне ғана емес, сонымен қатар ұйымдастырған шараларына көпшіліктің назарын аударғысы келгендерге де пайдалы. Айта кетейік, айдарда баспасөз ақпаратының жарияланған уақыты емес, шараның өту мерзімі көрсетіледі. Мұнымен қатар, айдарда анонс іздеу алаңы ашылған, оның көмегімен оқиғаның атауымен, жоспарланған мерзіміне және өтетін орнына қарай таңдап алуға болады. 

"Пресс-релизы" айдарында түрлі оқиғаларға байланысты анонстар жарияланып отырады. Мәселен, концерттер, көрмелер, баспасөз мәслихаттары, баспасөз турлары, дөңгелек үстелдер және брифингтер.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама