ПОДЕЛИТЬСЯ
08 сәуір 2021 | 11:15
"Теңіз" кен орнынан зиян қалдықтар тарады
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "Теңізде" құбырдан улы сары түтін шыққаны түсірілген суреттер мен видео тарап жатыр, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "Теңізде" құбырдан улы сары түтін шыққаны түсірілген суреттер мен видео тарап жатыр, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".
Қазіргі уақытта Экология департаменті 7 сәуірде сағат 15.20-да КТЛ-2-де С511 қондырғысын автоматты бұғаттау іске қосылғанын хабарлады. Салдарынан құбырдан зиян қалдық шыққан. Қазір автоматты бұғаттаудың қосылу себебі анықталып жатыр.
Департамент "Теңізшевройл" ЖШС-ны жоспардан тыс тексеру мәселесін қарастырып жатыр. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатыны айтылды.
Кейін "Теңізшевройл" "7 сәуірде өндірістік нысандардың бірінен қысқа мерзімді зиян қалдық тарағанын және ол өндірістің ішінара қысқаруына әкеліп соққанын" растады. "Теңізшевройл" баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
Портал барлық қызметкер қауіпсіздіктің стандартты шаралары шеңберінде эвакуацияланғанын мәлім етті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также