Теңіз кен орнында 71 мұнайшы COVID-19 жұқтырған

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында 71 қызметкерден коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың ТЖ режимін қамтамасыз ететін жедел штабқа сілтеме жасап.

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында 71 қызметкерден коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың ТЖ режимін қамтамасыз ететін жедел штабқа сілтеме жасап.

"Бүгінде Теңіз кен орнында науқастардың саны 71-ге жетті, 12 қызметкер жазылып шықты. Науқастармен байланыста болған 1,5 мыңнан аса адам анықталды",  - делінген Жедел штабтың хабарламасында.

Еске салайық, 16 сәуірде Теңіз кен орнында жұмысшылардан коронавирус анықталғаны хабарланған еді.

Реклама
Реклама

Бүгінде кен орнынан 10 мыңнан аса жұмысшы жеткізілді. Олардың 4 мыңы ұшақпен. шамамен 3 мыңы пойызбен және тағы 3 мыңнан аса адам автобуспен жеткізілді.

Жұмысшылардың барлығын 5 мамырға дейін жеткізу жоспарланып отыр екен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама