ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қазан 2020 | 17:24
Теңіз кен орнында 9 жұмысшыдан COVID-19 анықталды
Атырау облысындағы Теңіз кен орнында 9 жұмысшы COVID-19 жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырау облысындағы Теңіз кен орнында 9 жұмысшы COVID-19 жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.
Өңірде жалпы 10 адам коронавирус жұқтырған.
"Ауру жұқтырғандар арасында Атырау облысының 1 тұрғыны мен Теңіз кен орнының 9 жұмысшысы бар", - делінген хабарламада.
Атырау облысында кейінгі тәулікте COVID-19 жұқтырған 32 адам аурудан айыққан. Олар үйде емделген.
Қазіргі таңда өңірде 133 науқас үйінде емделіп жатыр.
Сонымен қатар, облыста 54 науқас инфекциялық стационарда емделіп жатыр. Олардың 28-і Атырау облыстық № 2 жұқпалы аурулар ауруханасында болса, 26 науқас Теңіз кен орнының инфекциялық стационарында ем қабылдап жатыр.
Айта кетейік, Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны 11 209-ға жетті. 10 948 науқас жазылды, 71 науқас қайтыс болды.
Ал Қазақстанда 109 623 адам COVID-19 жұқтырған. 105 145 науқас айықты, 1 796 адам көз жұмды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также