Теңіз кен орнында оқыс оқиға болды

Айнұр Қапышова Корреспондент
Теңіз кен орнында оқыс оқиға болды Фото:depositphotos.com

Теңіз кен орнында оқыс оқиға болды. Бұл ақпаратты "Теңізшевройл" (ТШО) компаниясы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Теңіз кен орнында оқыс оқиға болды. Бұл ақпаратты "Теңізшевройл" (ТШО) компаниясы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компания баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

"Компания белгіленген рәсімдерге сәйкес түпкілікті себептерге бағалау жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, ТШО өзінің өндірістік қызметінің нақты егжей-тегжейлеріне түсініктеме бермейді", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Tengrinews.kz-ке қондырғылардың бірінде өрт шыққаны белгілі болды. Оқиға 11 наурызда кешке тіркелген.

Еске салайық, 18 қаңтарда Теңіз кен орнында орналасқан үшінші буын зауытында өрт шыққан еді. Осыдан кейін Теңіз және Королевское кен орындарында мұнай өндіру тоқтатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама