09 желтоқсан 2020 | 09:40

Теңіз кен орнында ПТР-тест нәтижесін қолдан жасағандар анықталды

Фото:facebook.com/groups/453850347976755

Теңіз кен орнында ПТР-тест нәтижесін қолдан жасаған жұмысшылар анықталды, - деп хабарлайды ATPress.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Теңіз кен орнында ПТР-тест нәтижесін қолдан жасаған жұмысшылар анықталды, - деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұл туралы мердігер компанияның Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев онлайн брифинг барысында айтты.

Реклама
Реклама

"Мердігер ұйымдардың кейбір қызметкері санитарлық бекеттерді жалған ПТР-анықтамалар бойынша кесіп өткен деректер анықталды. Бұл қызметкерлердің барлығының рұқсат қағаздарының күші жойылды. Осы өрескел фактілер туралы тиіс мемлекеттік органдарға хабарланды. Ресми тергеу жүргізіледі деп болжанады, - деді Артығалиев.

Еске салайық, мұның алдында Теңіз кен орнында карантин күшейтілгені хабарланған болатын. Себебі Атырау облысында коронавирус жұқтырғандарың 80 пайызы Теңіз кен орнынан анықталған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная