07 тамыз 2019 | 11:18

Теңіз кенішінде тағы дау: Жұмысынан айырылған 200 адам бас көтерді

Теңіз кен орнында болған қақтығыс видеосының кадры. © Еуразия арнасының кадры

Атыраудағы Теңіз кенішінің жұмысшылары тағы да бас көтерді. Бірақ бұл жолы олар "бізді жұмыстан заңсыз шығарып отыр" деп наразылықтарын білдіріп жатыр. Басқа жұмысқа тұра алмай сандалып жүргендер де бар екен. Өйткені олардың қайдан келгенін естіген өзге фирма басшылары айтқандарына мүлдем құлақ аспай, есікті тарс жабатын көрінеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атыраудағы Теңіз кенішінің жұмысшылары тағы да бас көтерді. Бірақ бұл жолы олар "бізді жұмыстан заңсыз шығарып отыр" деп наразылықтарын білдіріп жатыр. Басқа жұмысқа тұра алмай сандалып жүргендер де бар екен. Өйткені олардың қайдан келгенін естіген өзге фирма басшылары айтқандарына мүлдем құлақ аспай, есікті тарс жабатын көрінеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Елді дүр сілкіндірген Теңіз кенішіндегі даудан кейін барлық қызметкерлерге демалыс беріліп, жұмыс уақытша тоқтатылған болатын. Сол кезде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев келіп, "Қызметімізден айырылып қаламыз ба деп" алаңдаған жұртқа "Қорықпаңыздар, бәрін өз бақылауымда ұстайымын деп уәде еткен еді" дейді.

Реклама
Реклама

Екі ай жұмыссыз отырған жұрттың үміті күні кеше үзілді. Компания қызметкерлері жұмысшыларға хабарласып, келісім шарттын бұзылғанын мәлемдеген. Енді 200-ге жуық адам не істерін білмей сандалып жүр.

Қала тұрғыны Жеткербай Күлімжанов есеңгіреп қалғанын айтады.

"Өзіміз шок болып қалдық мұндайды естігенде. Алдын кредит алып, үй алып, сөйтіп жасап едік. Бала-шағамыз бар ғой бәріміздің. Олай болмайды ғой бір күнде сөйтіп қысқартып жіберетін. Алдын ала ескертіп айту керек. Осындай болады, жағдай осындай деп", - дейді ол.

"Алдында Тенгизде көтеріліс болған кезде, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев сол өзі айтты ғой, ешқандай жұмыстан қысқарту болмайды, жұмыстың барлығы жүреді деп. Сонда осы әкімнің сөзі қайда? Бізде айтқан уәдесі қайда? Біз ертең мына 200 адам қайдан жұмыс табамыз? Күздің уақыты, қыс та жақындап келе жатыр. Жұмыс болмайды да ғой көп жерлерде", - дейді тағы бір тұрғын Жаслан Қабдешев.

Телеарна тілшілері мән-жайды компания басшылығынан білмек болған. Бірақ ондағыларды жұмыс орнынан табылмаған. Дегенмен келісімшартпен бүге-шүгесіне дейін танысқан еңбек иснспекторы, барлығы да заң аясында жүріп жатқанын жеткізді.

"Бұлардың жағдайы бойынша еңбек шарты белгілі бір жұмыстың аяқталуына дейін жасалған, егер оның уақыты келген жағдайда жұмыс беруші хабарлама беріп еңбек шартын бұзуға құқылы", - дейді Кемел Иманғалиев, Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясының бөлім басшысы

Десе де, бір күнде нәпақасынан айырылған жұмысшылар мұның заңды екенімен еш келіспейді. Бұл іске тез арада жергілікті биліктің араласқанын талап етіп отыр.

Еске салайық, Теңізде биыл 29 маусымда жаппай тәртіпсіздік болған еді. Бастапқыда оған WhatsApp арқылы тараған фото себеп болған делінді. Оқиға сағат 11:00-де "Теңіз" вахталық ауылында болған, "Сohsolited Contracting Endihering and Prourement s.a. L Offshore (ССЕР)" компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тың жақында жариялаған суретіне қатысты наразылықтарын білдірген, оның Whatsapp мессенджеріндегі суретінде қолында рация ұстап, антеннаны бір қызға бағыттап тұрғанын көруге болады. Салдарынан 30 жұмысшы жарақат алды. Кейін компанияның бас директоры Кауаш Хишам қазақстандықтардан кешірім сұраған.

Алайда кейін жергілікті билік жұмысшылардың жалақысы шетелдік жұмысшылардың еңбекақысынан едәуір төмен екенін анықтап, еңбек жағдайын теңестіруге уәде берген. Мәселені шешу үшін комиссия құрылып, оны облыс әкімінің орынбасары Серік Шәпкеновтің басқаратыны хабарланған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная