18 мамыр 2020 16:46

Теңізде карантин бұзылған соң COVID-19 өршіді - Министрлік

Сурет: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Теңіздегі қызметкерлердің вирус жұқтыруы - карантин шараларын елемеуден екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Кей өңірлерде вирус жұқтырғандар саны артып келеді, кейбір жерлерде - жоқ. Атап айтқанда, көбі жабық ұжымда жұмыс істейтіндер жұқтырған, мысалы, "Теңізшевройл" мен оның Атырау облысындағы мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдарында науқас көп. Бұл Шымкенттегі PetroKazakhstan-ға да қатысты. Біз бұл ұжымдардың жабық, вахталық ауылдарда өмір сүруіне байланысты айтарлықтай өсім байқап отырмыз. Сондай-ақ, бастапқыда айтылған және ұсынылған карантин шараларын сақтамаудан болып отыр. 

Реклама
Реклама

Бұл бірінші кезекте ұйым басшыларының және жұмыс берушілердің жауапкершілігі. Олардың жұмысы - карантин шараларын орындауға міндет қою еді", - деді Тимур Сұлтанғазиев.

Қазір Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың саны - 6440, 3256 адам сауығып шықты, 34 адам көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram