07 тамыз 2019 | 18:02

Теңіздегі жұмысшылардың құқығын қорғау иек артушылық пиғыл туындатпауы тиіс ​- Әубәкіров

Игілік Әубәкіров

Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров қысқаша сұхбат беріп, "Реформ строй" ЖШС-нің қызметкерлеріне қатысты жағдай бойынша пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров қысқаша сұхбат беріп, "Реформ строй" ЖШС-нің қызметкерлеріне қатысты жағдай бойынша пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Басқармадағылардың мәліметінше, кеше компанияның бірнеше жұмысшысы кеңсе маңында жиналып, кейбір республикалық телеарнаға сұхбат берді. Олардың айтуынша, жұмыстан шығарылу себебі - 29 маусымда Теңіз кен орнындағы ССЕР компаниясында болған оқиға.

Реклама
Реклама

"Реформ строй" компаниясы ССЕР-тің мердігері болып табылады және монтаждық жұмыстармен айналысқан. Ол 2018 жылдың наурыз айында 1 жылға контракт алды. Биыл олар өздерінің міндеттемелерін толықтай орындап, соған байланысты өзінің қызметкерлеріне есептесу парақшаларын берген. Бұл - нарықтық қатынастар, ешқандай еңбек заңнамасын бұзушылықтар болған жоқ. Бірақ кейбір адамдар ССЕР-тегі оқиға үшін қудаландым дегенді желеу қылып, өздеріне жаңа контракт жасап алуға тырысқанға ұқсайды.

Айта кетейін, аталған оқиға кезінде олардың көпшілігі ақшасы төленген демалыста (отпуск) болған, сондықтан, ол оқиғаларға қатысқан емес. Жанжалдың қорытындысымен, облыс әкімінің өкімімен ведомствоаралық комиссия құрылды. Соның ішінде, комиссия оқиғаға қатысушылардың құқығын да қорғайтынын, күні бүгінге бір де бір адам жұмыстан шығарылмағанын атап өтемін, біз бұны бақылап отырмыз", - дейді Игілік Әубәкіров.

Оның айтуынша, "Реформ строй" мекемесіндегі жағдайдың бұған мүлдем қатысы жоқ.

"Ол өзінің жұмыстарын жоғарыда айтылған оқиғаға дейін аяқтады, жұмысшылар сол кездің өзінде-ақ келісім-шарттарының аяқталатынын білді. Кейбір журналистер мәселенің мән-жайын анықтап алмай, бұл материалды жұрттың назарын аудару үшін берген сияқты. Меніңше, бұл дұрыс емес", - деді облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы.

Ал "Басқаша шара алуға, мәселен, компанияға оларға жаңа жұмыс көлемін беруді ұсынуға бола ма?" деген сұраққа ведомство басшысы оның заңсыз екенін айтты. ​ ​ ​

"Бұл заңсыз болады, бизнеске қысым жасап, қандай да болмасын компанияға жұмыс көлемін бер деп айта алмймыз. Және де бұл ақылға сыймайтын нәрсе - компания лесомонтаж жұмыстарымен айналысады, қажетті жұмыс көлемін жасады. Енді бүкіл даланы жауып тастауы керек пе?

​Қызметкерлер өздері де жұмыс іздеуге талаптануы тиіс. Немесе жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасына барсын, олар жұмыс табуға көмектеседі. Тәжірибесі бар, білікті маманға жаңа жұмыс орнын табу қиын болмауы керек. Алайда, олар оңай әдісті таңдап алды. Егер де олардың құқығы бұзылған боласа, біз бірінші болып оларды қорғар едік. Бұл біз үшін бұлжымас қағида. Бірақ, кейбір адамдар бұны теріс түсінеді. Адамдардың құқығын қорғау оларды иек артушылық пиғылға итермелеуі тиіс", - деді Игілік Әубәкіров.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная