ПОДЕЛИТЬСЯ
29 маусым 2019 | 15:30
Теңіздегі тәртіпсіздіктер: Бірнеше жұмысшы жарақат алды
"Теңізшевройл" компаниясы бүгін 29 маусымда болған оқиғаға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Теңізшевройл" компаниясы бүгін 29 маусымда болған оқиғаға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Теңіздегі жағдайға қатысты мынаны хабарлаймыз: 29 маусымда үшінші буын зауытының құрылыс алаңында жұмысшылар мен жеке тұлға арасында жанжал болды, нәтижесінде CCEP мердігерлік ұйымының бірнеше қызметкері жарақат алды. Оқиға болған жерде полиция қызметкерлері бар, аумақ қоршалды. ТШО жағдайды тұрақтандыру және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істейді", - деп хабарлады "Теңізшевройл" өкілдері.
Оқиға 29 маусымда сағат 11:00-де "Теңіз" вахталық ауылында болды, "Сohsolited Contracting Endihering and Prourement s.a. L Offshore (ССЕР)" компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тың жақында жариялаған суретіне қатысты наразылықтарын білдірді, оның Whatsapp мессенджеріндегі суретінде қолында рация ұстап, антеннаны бір қызға бағыттап тұр.
Показать комментарии
Читайте также