“Теңізшевройл“ екі кен орнында мұнай өндіруді тоқтатты

Дина Шарипханова Корреспондент
“Теңізшевройл“ екі кен орнында мұнай өндіруді тоқтатты Фото:gov.kz

Атырау облысындағы "Теңіз" және "Королевское" ірі кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды. Бұл ақпаратты "Теңізшевройл" (ТШО) компаниясы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысындағы "Теңіз" және "Королевское" ірі кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды. Бұл ақпаратты "Теңізшевройл" (ТШО) компаниясы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТШО мәліметінше, мұндай шешім өндірістік нысандардағы электр энергиясын тарату жүйелерінің кейбіріне әсер еткен жағдайға байланысты қабылданған.

"Зардап шеккендер жоқ, ал қызметкерлердің қауіпсіздігі компания үшін ең жоғары басымдық болып қала береді. ТШО-ның техникалық қызметтері жағдайдың түпкі себебін анықтау бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, олардың басты мақсаты туындаған мәселені қауіпсіз түрде жою", – деп мәлімдеді компания өкілдері.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ТШО өкілдері бұл жағдайдың ықтимал салдарын барынша азайту мақсатында мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимыл жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Теңіз кен орны және барлық өндірістік нысан қауіпсіз жағдайда, сенімді қорғалған", – деп қосты компанияда.

Еске салайық, 18 қаңтарда таңертең Атырау облысының Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында орналасқан зауытта өрт шықты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама