29 наурыз 2021 | 14:00

"Теңізшевройл" екі облыста денсаулық сақтау мен білім салаларын жақсартып жатыр

Көптеген жылдар бойы "Теңізшевройл" ЖШС Қазақстандағы ең ірі салық төлеуші және жұмыс беруші бола отырып, "ТШО-ның сара жолы" құжатында көрсетілген құндылықтарға сәйкес, әлеуметтік мәселеге бағдарланған жобаларды қаржыландыру арқылы (1993 жылдан бастап – 2 миллиард доллардан астам) аймақ пен елдің экономикасын дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Жыл сайын Атырау облысында "Игілік" ерікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына сәйкес мектептер мен ауруханалардың құрылысына 25 миллион АҚШ доллары бөлінеді, ал ТШО-ның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы шеңберінде құны 9,5 миллион АҚШ доллары болатын 80 жоба жүзеге асырылды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2020 жылы "Қоғамдық орындар" жобасының үйлестірушілері ТШО-ның қаржылық қолдауымен ауыл тұрғындарын құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіп, ашық спорт алаңдары мен саябақтарды абаттандыру шеберлігіне үйретіп, соның арқасында Жылыой ауданының Аққиізтоғай, Жаңа Қаратон, Қосшағыл, Майкөмген және Тұрғызба ауылдарында 14 шағын жоба жүзеге асырылды.

Реклама
Реклама

ТШО "Жарқыра" әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын да қолдайды: Атырау мен Махамбет ауданындағы 7 жобаның авторлары 17 миллион теңгеден астап пайызсыз несие мен грант алды.

ТШО-ның арқасында мүгедектер де өз әлеуетін көрсетуге мүмкіндік алды: Атырау қаласында тігін шеберлігін игеруге де, сонымен қатар жеке әлеуетін дамыту икемділігін ұғынуға да болатын алғашқы "ДОС" тренинг орталығы ашылды. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары "Болашақ" ҚҚ жобасы аясында оңалту әдістерін игерді.

"Теңізшевройл" ЖШС "Ынтымақ Атырау" ҮЕҰ-ын да үнемі қолдап отырады: еріктілер 119 ағылшын тілі клубтарын, студенттерге арналған 23 дәріс ұйымдастырып, әйелдерге кондитерлік өнімдер жасауға үйрететін шеберлік сабақтар өткізді.

"Теңізшевройл" серіктестігімен Қазақстанның отбасылық дәрігерлері қауымдастығының жобалары да жүзеге асырылуда: сынамалы топтың қатысушылары үшін клиникалық тәжірибемен оқыту сабағы өткізілді, тағы 42 дәрігер COVID-19 ауруын емдеуде антикоагулянттарды қолдану курсынан өтті. ТШО мен "Адамнан адамға" (Project Hope) денсаулық сақтау қоры серіктестігінің арқасында облыста балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулездің алдын алу жобасы жүзеге асырылды.

"Теңізшевройл" қолдауы мәдениет саласында да сезіледі: Академик З.Қабдолов атындағы қор қазақ тілін үйренуді жеңілдететін 4 кітапты цифрлы форматқа көшіре алды. Сонымен қатар, Абай Құнанбаевтың шығармашылығын кеңінен насихаттау бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді.

2020 жылы Маңғыстауда ТШО 8 әлеуметтік жобаны қолдады, оның ішінде "Ақбөбек" ҮЕҰ-ның медициналық қызметкерлерін репродуктивті денсаулық және ерте жүктіліктің алдын-алу тақырыбында жасөспірімдермен қарым-қатынас негіздеріне оқыту туралы бастамасы бар. Көрсетілген демеушілік арқасында Құрық ауылының тұрғындары өз қоныстарын сәулеттік нысандармен безендіріп, мектеп алаңын жабдықтап, бос саябаққа гүл отырғызды.

Осылайша, "Теңізшевройл" ЖШС қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартатын көптеген жобаларды іске асырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жарнамалық материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram