“Теңізшевройл“ нысандарының бірінде ақау шықты

“Теңізшевройл“ нысандарының бірінде ақау шықты Фото:depositphotos.com

"Теңізшевройл" (ТШО) компаниясы өз нысандарының біріндегі өндірістік іркіліске тап болды. Қазіргі уақытта ТШО-да өндіріс қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Теңізшевройл" (ТШО) компаниясы өз нысандарының біріндегі өндірістік іркіліске тап болды. Қазіргі уақытта ТШО-да өндіріс қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Компанияның өзі бұл ақауды "болмашы" деп сипаттап, егжей-тегжейін ашып айтпады.

"ТШО-ның басымдығы – қауіпсіз және сенімді өндірістік қызметті қамтамасыз ету. Бұдан бөлек, ТШО өзінің өндірістік қызметі мен коммерциялық мәселелерінің нақты мәліметтеріне түсініктеме бермейді", - деп мәлімдеді ТШО-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Фархат Әбілов.

Жарнама
Жарнама
Анықтама:"Теңізшевройл" (ТШО) ЖШС - Атырау облысындағы Теңіз және Королевское кен орындарын игерумен айналысатын мұнай-газ кәсіпорны. Қазақстандағы ең ірі мұнай өндірушілердің бірі. Компания өндіретін мұнайдың басым бөлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы экспортталады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама