Терезелерді жауып, үйде болыңыз: алматылықтарға қауіпті ауа райы туралы ескертілді

Терезелерді жауып, үйде болыңыз: алматылықтарға қауіпті ауа райы туралы ескертілді Фото:depositphotos.com

Алматы ТЖД қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы ТЖД қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматыдағы қауіпті ауа райы

Синоптиктер ескертуіне сәйкес, 17 сәуірде Алматыда кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

Реклама
Реклама

"Іле Алатауының таулы аймақтарында, соның ішінде Медеу және Бостандық аудандарының таулы жерлерінде 17 сәуірде қатты жауын-шашын: жаңбыр, қар, күн күркіреуі болжанады. Күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Желдің екпіні секундына 17–22 метр болады, түнде кей жерлерде 23–28 метрге дейін күшейеді", - деп ескертті ТЖД өкілдері.

Тұрғындарға арналған ұсыныстар

Қатты жел кезінде тұрғындарға көліктерін ағаш астына қалдырмауға кеңес беріледі.

Сондай-ақ, мүмкіндігінше сыртқа шықпай, терезелер мен есіктерді тығыз жауып, үй-жайда қалу ұсынылады.

Балкондар мен аулалардан жел ұшырып кетуі мүмкін заттарды жинап қою қажет.

Көшеде жүргенде ағаштардан, жарнама конструкцияларынан және құрылысы аяқталмаған ғимараттардан алшақ болып, кіреберістер мен дүкендерді паналаған жөн.

Электр желілері мен үзілген сымдар ерекше қауіп төндіреді - оларға жақындауға қатаң тыйым салынады.

Алматылықтардан тауға шығуды кейінге қалдыру да сұралады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама