30 желтоқсан 2022 11:13

Тергеуді заңсыз деп санаймыз - "Яндекс Go" такси бағасын тексеру туралы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

"Яндекс Go" компаниясы сот тарифтерді жасанды өсірді деген күдікпен компанияға қатысты тергеу жүргізуді заңсыз деп танығанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Яндекс Go" компаниясы сот тарифтерді жасанды өсірді деген күдікпен компанияға қатысты тергеу жүргізуді заңсыз деп танығанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сот біздің ұстанымымызды қолдап, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің осы кезеңнің көп бөлігіне қатысты жүргізген тергеуін заңсыз деп таныды. Сонымен қатар, біз тергеуді бастау жалпы заңсыз деп санаймыз және бұл ұстанымды жоғары инстанцияларда дәйекті түрде қорғаймыз", - делінген компания хабарламасында.

Еске салайық, БҚДА қызметке қатысты нарықтағы үстем жағдайын теріс пайдаланып, тарифтерді жасанды түрде арттырды деп күдіктенген болатын. Қыркүйекте алматылықтар Яндекс.Такси қызметінің қымбаттығына шағымданған еді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram