04 наурыз 2022 09:10

"Тергеуге жан-жақты көмек көрсетеміз". Антикор тексеріс бастаған "Самұрық-Қазына" мәлімдемесі жарияланды

Сурет: facebook/SamrukKazyna

"Самұрық-Қазына" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тығыз байланыста жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самұрық-Қазына" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тығыз байланыста жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Көздеген ортақ мүддеміз бір. Қор өз жұмысында парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне ашықтық пен мүлдем төзбеушілік қағидаттарын енгізіп жатыр", - делінген Facebook-тегі хабарламада.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қорды реформалау бағдарламасы қабылданған болатын. Оның басты тармақтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңнаманы сақтау.

Реклама
Реклама

"Маңыздысы, бүгін бұл бағдарлама ҚР Президенті жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің отырысында таныстырылды. Біз өз тарапымыздан "Самұрық-Қазына" қорындағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерін жою үшін тергеуге жан-жақты көмек көрсетуді жалғастырамыз.

Нақты нәтижелері де бар, атап айтқанда сатып алудың ашық тетігі әзірленді, бизнес үшін әкімшілік кедергілер жойылды, сәйкестік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша озық тәжірибе бекітілді және оны жетілдіре береміз.

Қор былтыр алғашқылардың бірі болып Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ынтымақтастық туралы меморандум жасасып, "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесін ашты", - дед қор өкілдері.

Қордың бүкіл компаниялар тобында сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша белсенді жұмысты тұрақты жалғасын табатыны хабарланды.

Еске салайық, кеше, 3 наурызда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Самұрық-Қазына" АҚ, "Самұрық Энерго" және "Қазақстан темір жолы" компанияларының кейбір басшыларына қатысты тергеу жүріп жатқаны туралы ақпарат жариялаған болатын

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram