ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қараша 2022 | 09:35
Терроризм актісі туралы жалған хабарлама тарату: қандай жауапкершілік қарастырылған?
ІІМ терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама берген адам жауапқа тартылатынын еске салды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ІІМ терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама берген адам жауапқа тартылатынын еске салды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін (ҚР ҚК-ның 273-бабы) бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл (14,5 миллион теңге) не сол мөлшерде түзеу жұмыстары түріндегі жаза, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру көзделген", - делінген хабарламада.
Биыл осындай деректер бойынша 138 қылмыстық іс қозғалған, оның ішінде 20 қылмыстық іс сотқа жіберілді.
"Қылмыс жасағаны үшін 34 адам ұсталды, оның 17-сі жазаның әртүрлі түрлеріне кесілді: оның ішінде бас бостандығынан айыруға – 8, бас бостандығын шектеуге – 5, шартты түрдегі жазаға – 2 және айыппұл салуға – 1 адам. Айыпталушылардың біріне сот шешімімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылды", - делінген полиция хабарламасында.
Сондай-ақ, қылмыстық жауаптылық жасына жетпеген ұсталған кәмелетке толмағандардың бірінің ата-анасына айыппұл салынып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл қылмыс үшін 14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, сондықтан мұны мектеп оқушылары да есте ұстауы керек, дейді полиция өкілдері.
Сонымен қатар, сот шешімі негізінде шығындар мен осындай хабарламадан келтірілген барлық залал өтелуге жатады.
"Арнайы қызметтердің мұндай жалған шақыруларға бір шығуына 200-ден 300 мың теңгеге дейінгі қаржысы жұмсалады, ал кәсіпорындар мен ұйымдардың тоқтап қалуынан келген залал миллиондаған теңгемен есептеледі. Егер мұндай әрекеттерді кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда залалды өтеу олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жүктеледі", - деді полициядағылар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также