22 қыркүйек 2016 | 12:55

Терроризмге қарсы күресте бірлесіп әрекет ету қажет - Нығматулин

© Тengrinews.kz

Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин "Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары" атты тақырыптағы дөңгелек үстел барысында экстремизм мен терроризмнің жолын кесу қоғамның шоғырландырылған ұстанымы кезінде нәтижелі болатындығын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәжіліс Спикері терроризмге қарсы күресте бірлесіп әрекет етудің маңыздылығын айтып өтті.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Әлемде және елдегі оқиғалар көрсеткендей, терроризм ұлтқа, дінге, шекараға байланысты емес, сондай-ақ, ол  барлық өркениетке ортақ қауіп туғыза алмайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ең мәртебелі мінберлерден  сөз сөйлегенде халықаралық терроризм қауіпінің артуы  мен  онымен күрес кезінде нақты шаралар қабылдау керектігі туралы ескерткен болатын. Өткен жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында Қазақстан Президенті терроризм мен экстремизмге қарсы бірыңғай жаһандық жүйені құруды ұсынып, осы салада халықаралық-құқықтық базаны дамытуды  жетілдіруді айтқан болатын", - деді Н.Нығматулин. 

Реклама
Реклама

Қазіргі таңда Мәжілісте терроризм және  экстремизммен күресу заңына өзгертулер енгізу мәселелері қарастырылып жатыр.

"Экстремизм және терроризммен күресу қоғамның шоғырландырылған ұстанымы кезінде нәтижелі болатындығын түсіне отырып,  Мәжіліс депутаттары  заң жобасы бойынша жұмыс істеуге тек қана мемлекеттік орган мүшелерін тартып қоймай,  үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер,  ғылыми-оқыту орталықтары, бизнес қауымдастықтың өкілдерін шақырды", - деді ол.

Шарада  терроризм мен экстремизмге қарсы іс-шаралар барысы, сондай-ақ Мәжіліс қарауына енгізілген заннамалық түзетулерді талқыланды.

Сонымен қатар, терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру мәселесі де басты назарда болды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная