28 қараша 2019 | 11:55

Теріс қылығы үшін Алматы прокуроры қызметінен кеткен Ғабит Миразовқа жаңа жұмыс табылды

Теріс қылық жасағаны үшін қадағалау органынан босатылған Алматы қаласының бұрынғы прокуроры Ғабит Миразов Бас прокуратурада жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Теріс қылық жасағаны үшін қадағалау органынан босатылған Алматы қаласының бұрынғы прокуроры Ғабит Миразов Бас прокуратурада жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Миразов Ғабит Төреұлы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Әскери басқармасының басшысы қызметіне тағайындалғаны айтылады. 

Реклама
Реклама

"Ғабит Миразов прокуратура органдары жүйесінде 1991 жылдан бері жұмыс істейді. Әр жылдары аудан прокурорынан облыс прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. Соңғы лауазымы - Алматы прокуроры, ол босатылған, бірақ прокуратура органдарында қызметін жалғастырды. Кейінірек, 2018 жылдың мамыр айында Ғабит Миразов жүйеден өз еркімен жұмыстан босатылды", - делінген комитеттің редакцияның ресми сауалхатына берген жауабында.

2018 жылдың 31 қаңтарында Ғабит Миразов "тәртіптік теріс қылық жасағаны, қадағалау қызметін дұрыс ұйымдастырмағаны, қылмыстық процестегі жүйелі заңбұзушылықтар, мемлекет мүдделерін тиімсіз қорғағаны үшін" Алматы прокуроры қызметінен босатылды.

Кейінірек Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Миразов "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевпен заңсыз байланыс орнатқаны үшін жұмыстан босатылғанын айтты. 2016 жылдың маусым айында Ермегияев парақорлық және аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлағаны үшін қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеумен 14 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған болатын. 

2018 жылдың 1 маусымында Алматының бұрынғы прокуроры Ғабит Миразов "Bank RBK" АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалғаны белгілі болды. Осы жылдың 17 тамызында ол осы қызметінен кетті. 

Алматы прокуроры қызметіне 2017 жылы 17 ақпанда тағайындалған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная