ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қазан 2021 | 11:55
Tesla ақауларға байланысты автопилот сынағын тоқтатты
Tesla және SpaceX бас директоры Илон Маск америкалық электромобиль өндірушісі жетілдірілген автопилот нұсқасын сынақтан өткізуді кейінге қалдырып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компания ақауға байланысты, Full Self Driving (FSD) көлік құралын басқару бағдарламасының 10.3 жаңа нұсқасын қайтарып алуға мәжбүр болды. Бұл туралы Маск Twitter-парақшасында жариялады.
"10.3 нұсқасынан ақауларды байқадық, сондықтан уақытша 10.2 нұсқасын қалдырамыз", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 10.3 нұсқасының бета-тестілеуі 14 қазанда басталған. Оған қауіпсіздік рейтингі, компания бағалауы бойынша, 99-дан 100-ге дейінгі жүргізушілер қатыса алады.
FSD тестілеуіне қатысушылар автопилоттың кейбір пайдалы функциялары, круиздік бақылау проблемалары, фронталь соққылар туралы жалған ескертулер және кездейсоқ қателер туралы хабарлаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также