Threads-та алауыздық тудырды деген Алика Мұхамадиеваға сот үкімі шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Threads-та алауыздық тудырды деген Алика Мұхамадиеваға сот үкімі шықты Фото ©️ Tengrinews.kz

Қарағандыда Threads әлеуметтік желісіндегі жазбалары арқылы әлеуметтік, діни және ұлттық араздықты қоздырды деп айыпталған 23 жастағы кәсіпкер Алика Мұхамадиеваның ісі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандының Қазыбек би аудандық соты Мұхамадиеваға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот үкімі бойынша М. ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бірақ жазаны өтеу екі жылға кейінге қалдырылды. Бұған оның 2 жасар баласы бары негіз болған.

Жарнама
Жарнама

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама