22 тамыз 2021 | 09:49

TikTok жұлдызына айналған автобус жүргізушісінің видеосын полиция тексереді

Автобус төбесінде билеген TikTok жұлдызы Айдос Ариновтың видеосын Қарағанды полициясы тексереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Автобус төбесінде билеген TikTok жұлдызы Айдос Ариновтың видеосын Қарағанды полициясы тексереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте жиі видео түсіретін блогер, №43 автобусының жүргізушісі Айдос Ариновтың видеоларын тексермек.

Оған қарағандылықтардың жүргізушіге шағымы себеп болған. Олар Аринов жолаушылар тасымалы ережелерін жиі бұзатынын және ата-ананың рұқсатынсыз балалардың суретін Instagram және Tik-Tok-тағы парақшасына жүктейтінін айтқан. Сондай-ақ, оның көлік жүргізіп бара жатып видео түсіретіні және қауіпсіздік белдігін тақпауы полицейлердің назарын аударды.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта бұл видеоны жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері зерттеп жатыр. Нәтижелері қосымша хабарланады", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Айдос Ариновтың бейнежазбаларына Қарағанды ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері де түсінік берді.

"Автобус паркі басшылығына жүргізушімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет екені туралы жеткізілді. Болашақта мұндай жағдайлар қайталанбауын ескерту қажет. Сондай-ақ, кәсіпорын басшылығы жүргізушіге автобустың үстінде билеген видеосына ескерту жасады", - деп хабарлады ведомстводағылар.

"757 мың қаралым". Автобус жүргізушісі TikTok-та хит болды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная