08 желтоқсан 2020 | 21:06

Тимур Құлыбаев Financial Times басылымындағы мақалаға байланысты Бас прокуратураға жүгінді

Тимур Құлыбаев. Фото: архивтен

Тимур Құлыбаев Financial Times басылымындағы жарияланымға байланысты Бас прокуратураға жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Inbusiness.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тимур Құлыбаев Financial Times басылымындағы жарияланымға байланысты Бас прокуратураға жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Inbusiness.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Тимур Құлыбаев Financial Times жариялаған мәлімет бойынша ресми тексеру жүргізу үшін Бас прокуратураға жүгінген.

Реклама
Реклама

"3 желтоқсанда Financial Times газетінде жарияланған мақалаға қатысты мынаны хабарлаймыз. Тимур Құлыбаев нақты фактіілер арқылы расталмаған, ресми түсініктемелерге қайшы келетін өзара байланысты емес біржақты тұжырымдар жиынтығы болатын дезинформациялық сипаттағы материалдар қамтылған жарияланыммен келіспейтінін білдіреді. Тимур Құлыбаевтың осы мақалада айтылған мәмілелерге ешқашан тікелей немесе жанама түрде қатысы болған емес. Осы айтылғандарды ескере отырып, Тимур Құлыбаев ресми жан-жақты тексеру жүргізу үшін Бас прокуратураға жүгінді", - делінген жарияланымда.

Тимур Құлыбаев - қазақстандық белгілі бизнесмен, қоғам қайраткері, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті және Kazenergy мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная